Евразийский
научный
журнал
Заявка на публикацию

Срочная публикация научной статьи

+7 995 770 98 40
+7 995 202 54 42
info@journalpro.ru

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының тиімдігін арттыру көрсеткіштері

Поделитесь статьей с друзьями:
Автор(ы): Избасаров Бекболат Уразбаевич
Рубрика: Медицинские науки
Журнал: «Евразийский Научный Журнал №2 2024»  (февраль, 2024)
Количество просмотров статьи: 43
Показать PDF версию Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының тиімдігін арттыру көрсеткіштері

Indicators of improving the efficiency of health care organizations providing primary care

Избасаров Бекболат Уразбаевич
докторант,
al-Farabi Business School, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Izbassarov Bekbolat
DBA student,
al-Farabi Business School, al-Farabi Kazakh National University

Аннотация: Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдардың қызметі медициналық көмектің ең кең таралған түрі болып табылады. Бұл саланың тиімді қызмет етуі халықтың денсаулық, сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық жағдайларына тікелей ісер етеді. Мақалада медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетудің негізгі көрсеткіштері, аталған көмек көрсететін ұйымдардың тиімділігін бағалау критерийлері көрсетілген.

Abstract: The activity of healthcare organizations providing primary care is the most common type of medical care. The effective functioning of this medical care directly affects the health, as well as socio-economic conditions of the population. The article shows the main indicators of primary care, the criteria for evaluating the effectiveness of organizations providing primary care.

Негізгі сөздер: медициналық көмек, тиімділік, медициналық-санитариялық алғашқы көмек

Key words: medical care, efficiency, primary care

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек — адам, отбасы және қоғам деңгейінде көрсетілетін, аурулар мен жай-күйлердің профилактикасын, диагностикасын қамтитын, халықтың мұқтажына бағдарланған медициналық көмекке алғашқы қол жеткізу орны. [1]

Соңғы онжылдықтарда әлем денсаулық сақтау саласында орасан зор жетістіктерге жетті. Өмір сүру ұзақтығы артты, сәбилердің өлімі азайды, дәрі-дәрмек пен вакциналарға қолжетімділік артты және т.б. Дегенмен, XXI ғасырда денсаулық сақтау мәселелерін шешу денсаулық сақтау жүйесіне жаңа көзқарас пен инвестицияны қажет етеді. Бір жағынан халықтың қартаюы, созылмалы аурулардың көбеюі, екінші жағынан, медициналық көмекке науқастар талабтарының артуы, сонымен қатар жаңа медициналық технологиялар және денсаулық сақтау инфрақұрылымының дамуы көрсетілетін медициналық көмектің тиімділігін арттыруды қажет етеді. [2]

Тиімді медициналық-санитариялық алғашқы көмек жүйесі халық денсаулығының жоғары нәтижелеріне аз экономикалық шығындар жолымен қол жеткізуге мүмкін екендігі туралы барлығына мәлім.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмекті қаржыландыру медициналық көмектің басқа түрлерімен қатар жүйенің тиімділігіне және қоғамдық денсаулық сақтаудың көрсеткіштерін жақсартуға бағытталған, бірақ бұл ресурс тиімді пайдаланылмаса, оның салдары халық денсаулығының негізгі индикаторларына тікелей әсер етеді.

Көптеген ғалымдар мен сарапшылар медициналық ұйымның тиімділігін күрделі ұғым ретінде қарастырады. Дүние жүзінде медициналық ұйымдарды басқару тиімділігін бағалаудың көптеген тәсілдері бар, бағалау әдістемесі өзара байланысты көптеген факторларға, ең алдымен денсаулық сақтау моделіне, қаржыландыру көздеріне, көрсетілетін медициналық көмектің түрлеріне, заңнамалық базаға, медициналық ұйымдарды басқарудың реттеу тетіктеріне және т.б. факторларға байланысты.

Ұйымның ресурстары мен нәтижелерін шартты түрде 3 топқа бөлуге болады: 1) ұйымның қуаттылығына байланысты ресурстар (қабылдаулар саны, негізгі қорлар, консультативтік-диагностикалық қызметтердің саны), 2) персоналға қатысты ресурстар (дәрігерлер, орта медициналық персонал, медициналық емес персонал), 3) ұйымның шығыстарына байланысты ресурстар (еңбек шығындары, медициналық шығындар, мүлікті ұстау шығындары). Тиісінше, нәтижелер де 3 топқа бөлінеді: 1) медициналық қызметке байланысты (шағымдар саны, емделген науқастар саны, профилактикалық мақсатпен жүгінген адамдар саны, жүргізілген зертханалық және аспаптық зерттеулер саны, вакцинацияланғандар саны); 2) көрсетілетін медициналық көмектің сапасына байланысты (жалпы өлім-жітім, жиі кездесетін аурулардан болатын асқынулар, хирургиялық асқынулар, жедел жәрдем шақыруларының саны) 3) қызметтің қаржылық нәтижесіне байланысты (ұйымның медициналық қызметінен түскен табыс, клиникалық диагностикалық қызмет, күндізгі стационардан түскен табыс, ақылы қызметтен түскен табыс)

Денсаулық сақтау қызметтерінің (соның ішінде амбулаторлық) және жекелеген қызметтердің нәтижелік көрсеткіштерін есептеу келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: — тиімділік түрлері бойынша (медициналық, әлеуметтік, экономикалық); — деңгей бойынша (дәрігердің, бөлімшенің, жалпы жеке мекеменің жұмыс деңгейі, денсаулық сақтау саласының жұмыс деңгейі, халық шаруашылығының деңгейі); — жұмыс кезеңдері немесе бөлімдері бойынша (аурудың алдын алу, науқастарды емдеу және оңалту кезеңіндегі тиімділік); — жұмыс көлемі бойынша (емдік-профилактикалық іс-шаралар мен медициналық-әлеуметтік бағдарламалардың тиімділігі); — нәтижелерді өлшеу әдісі бойынша (ресурс шығындарын азайту арқылы; ресурстарды үнемдеу, алынған қосымша нәтиже арқылы немесе барлық нәтижелерді есепке алатын біріктірілген көрсеткіш арқылы); — шығындар бойынша (қоғамдық еңбек шығындары, сонымен қатар өмір сүретін қоғамдық еңбек шығындарының жиынтық көрсеткіші ескеріледі); — көрсеткіштер нысаны бойынша (халық денсаулығының стандартты көрсеткіштері, еңбек шығындарының көрсеткіштері және шығындар көрсеткіштері есепке алынады) [3]

Емханалардың тиімділігін талдау үшін қабылдаулардың көлемі мен түрінің көрсеткіштері, сондай-ақ қызмет көрсетудің жергілікті принципі және медицина қызметкерлерінің жүктемесін сипаттайтын көрсеткіштер қолданылады [4]

Медициналық ұйымдарды, атап айтқанда, медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымдарды басқару тиімділігін бағалау денсаулық сақтау жүйесінің алдында тұрған міндеттер жағдайында халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруда негізгі рөлдердің бірін атқарады.

Әдебиет

1. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі. — 2020. — 123-бап

2. Аксенова Е.И., Камынина Н.Н., Короткова Е.О. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек үлгілерінің халықаралық тәжірибесі. Сараптамалық шолу. — М.: ГБУ «НИИОЗММ ДЗМ», 2021. — 57 б.

3. Қарайланов М.Г., Русев И.Т. Амбулаториялық жағдайда алғашқы медициналық-санитарлық көмектің тиімділігін бағалау. Халықаралық ғылыми шолу. 2016; 5(15): 99-100.

4. Линденбратен А.Л. Амбулаториялық емханалар қызметіндегі ресурс үнемдейтін технологиялар // Денсаулық сақтау. 2003. — No 10. — 35-38-б.